Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Ағымдағы жылғы 4 маусым күні сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста «Орал қаласының қаржы бөлімі» ММ-де 2024 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің дұрыстығына, оның шеңберінде «Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының А.Н. Островский атындағы драма театры» МКҚК-да, «Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры» МКҚК-да Батыс Қазақстан облысында мәдениет саясатын дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 243 880,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 43 811,4  мың теңге құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 159 802,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 40 267,5 мың теңге.

Сонымен қатар, 8 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 1 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.

2025 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының А.Н. Островский атындағы драма театры» МКҚК-да, «Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры» МКҚК-да Батыс Қазақстан облысында мәдениет саясатын дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері қаралады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, колледждер, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резервті дайындайтын спорт ғимараттары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит объектілері «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» МКҚК, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК, «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 мекемеде және 4 МКҚК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 38 554,7 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 9 569,3 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 21 747,4 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарланған - 7 238,0 мың теңге;

4) 24 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізілді.

Аудит объектілері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нан және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нан болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 кәсіпорында тексеру бойынша ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 4 335,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 25 бірлікті құрады. Анықталған бұзушылықтардың 4 335,1 мың теңгесі өтелуге жатады Аудит барысында 435,2 мың теңге өтелді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.