Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Ағымдағы жылғы 10 қаңтар күні сағат 15-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста келесі аудиторлық іс-шара нәтижелері қаралады:

1. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де, «Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Казталов ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Тасқала ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Бөкейордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-де «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының орындалу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері;

2. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де, «Орал қаласы білім беру бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектебі» ШЖҚ МКК-да, «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектебі» ШЖҚ МКК-да мемлекеттік–жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тимділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері;

3. «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК-да өткізілген кәсіпорын қызметкерлерімен өзара есеп айырысу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен өзара есеп айырысу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдалану сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттердің қорытындылары шығарылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де,  «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де және  жол іс-шараларына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 1 372 766,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 351 368,9 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 266 263,1 мың теңге, жұмыстармен (есепке алумен) қалпына келтіруге жататыны 85 105,8 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 258 315,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланған бюджет қаражатының сомасы 763 082,8 мың теңге құрады.

Сонымен қатар, 35 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.

Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 71 953,5 мың теңге өтелді, 85 105,8 мың теңге қалпына келтірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 10 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.

 

 

\