Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Отырыста «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де және «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру тиімділігіне жүргілізген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-да 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит, соның шеңберінде «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» ММ-де үстеме тексеру жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 1 216 216,9 мың теңгеге бюджеттік және қолданыстағы басқа да заңнамалардың нормалары сақталмағандығы анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 1 216 216,9 мың теңге.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 11 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 1 216 216,9 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында толықтай қалпына келтірілді.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.

2024 жылдың 03 мамыры күні сағат 11-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста Қазталов ауданының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы және сараптамалық-талдау шарасы қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.

2024 жылдың 04 мамыр күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасында» ММ-де сенімгерлік басқару шарттарының тиімділігіне жүргізілген сараптамалық-талдау шараның және мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.