Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84
Отырыста «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар қызметінің тиімділігі, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде және жер учаскесін жалға беру құқығын сатқан кезде олардың ақысын дұрыс есептеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы сәйкестігіне аудит нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ және «Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті түсімдерді алудын толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына және салықтық әкімшілендіру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде бюджетке өтелуге жататын барлығы 50 358,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 36 943,3 мың теңгесі өтелді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 9 бірлікті құрады.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Казталов және Жәнібек аудандарының әкімдеріне, «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ және «Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.
ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Теректі ауданы мекемелерінде, Теректі ауданының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргiзiлген аудиторлык iс-шараның нәтижесiнде жалпы сомасы 7 443 267,8 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: өтеуге (түсуге) жататын қаржылық бұзушылықтар – 55 951,9 мың теңге; қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар 6 761 581,9 мың теңге; тиімсіз жоспарлау және пайдалану 625 734,0 мың теңге; рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 36 бірлік және кемшіліктер 6 бірлік.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 17 873,4 мың теңге өтелді және 7 149,7 мың теңге қалпына келтірілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар фактілер бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жолданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті Қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде Нұсқамалар жолданды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына толықтыру енгізу бойынша ұсыным жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.
ПРЕСС - РЕЛИЗ
В соответствии с Перечнем объектов государственного аудита Ревизионной комиссии по Западно-Казахстанской области на 2024 год проведен государственный аудит эффективности использования бюджетных средств и активов государства Теректинского района.
По результатам государственного аудита общая сумма установленных нарушений норм законодательства Республики Казахстан, а также актов объектов государственного аудита составляет 7 443 267,8 тыс. тенге в т.ч: финансовые нарушения 6 817 533,8 тыс. тенге, неэффективное использование бюджетных средств, активов 158 398,6 тыс. тенге, неэффективное планирование бюджетных средств, активов 467 335,4 тыс. тенге, процедурные нарушения 36 единиц и 6 недостатков.
Из общей суммы финансовых нарушений подлежит возмещению 55 951,9 тыс. тенге, восстановлению 6 761 581,9 тыс. тенге. В ходе аудита и до заседания возмещено 17 873,4 тыс. тенге и восстановлено 7 149,7 тыс. тенге.
По признакам административных правонарушений, материалы направлены в уполномоченные органы для возбуждения административного производства.
По итогам заседания Ревизионной комиссии по Западно-Казахстанской области принято соответствующее Постановление и направлены Предписания по привлечению виновных должностных лиц к ответственности и недопущению впредь нарушений, а также устранения причин, условий, способствующих им.
В Министерство национальной экономики Республики Казахстан направлена рекомендация по внесению дополнения в Правила предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты.
С более подробной информацией можно ознакомиться в разделе «Деятельность комиссии –> Аудиторская деятельность» на сайте Ревизионной комиссии по Западно-Казахстанской области.
Ағымдағы жылғы 13 желтоқсан күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» және «Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де салықтық әкімшілендіру тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.
2024 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 09-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста Теректі ауданы мекемелерінде, Теректі ауданының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргілізген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.