ЖОБА
№
Орал қаласы 2022 жылғы __ маусым
«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е. Сапиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Кадырбеков
ЖОБА
№
Орал қаласы 2022 жылғы __ сәуір
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 1-НҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 13 наурыздағы №1-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5103 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е. Сапиевке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Кадырбеков