Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына 2021 жылдың І жартыжылдығында түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) 2021 жылдың І жартыжылдығында барлығы 3 өтініш түсті, оның ішінде - 2 жеке тұлғалардан және 1 заңды тұлғалардан.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің ішінде 2 арыз.

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштің біреуі, өтініштерде қойылған мәселелерді шешу Тексеру комиссиясының құзыретіне кірмегендіктен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "РУ-170/2 мекемесі" РММ-не жіберілді, өтініш берушіге бұл туралы хабарланды.

Келіп түскен өтініштердің ішінде 1 заңды тұлғаның өтініші.

Заңды тұлғадан келіп түскен өтініш мынадай түрде қаралды: басқа мемлекеттік органға жіберілді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер мерзімінде қаралып, жолданды.

Тексеру комиссиясымен келіп түскен өтініштерге тұрақты талдау және қорыту жүргізіледі. Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының талаптарын орындау мәселесі жалпыға бірдей құқықтық оқу сабағында қаралды.

Тексеру комиссиясының ғимаратында азаматтардың хаттары мен өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған. Жәшіктен хаттарды тексеру және алу комиссиялық түрде жүргізіледі.

Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері қабылдау кестесіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының талаптарын орындау, сондай-ақ ЕУОЛ ААЖ бағдарламасының жұмысы, өтініштерді қарау кезінде заңдылықтың сақталуы тексеру комиссиясы аппараты басшысының тұрақты бақылауында.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау

2021 жылдың І жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш түсіп тіркелді, екеуі қанағаттандырылып, ал бір өтініш 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6-тармағына сәйкес тиiстi мемлекеттiк органға қарау үшін жолданды.

 

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына жеке және заңды тұлғалардан  4 өтініш түсіп тіркелді, екеуі қанағаттандырылып, ал 2 өтініш 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6-тармағына сәйкес тиiстi мемлекеттiк органға қарау үшін жолданды.