Қадырбеков Әлібек Чапайұлы – Төраға
1969 жылы 6 мамырда Орал облысы Тайпақ ауданы Базаршолан ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ. Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірді.
Салық органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істеп, салық инспекциясының маманынан бастап департамент басшысына дейін қызмет атқарды.
1992 жылдың ақпан айынан бастап 1997 жылдың 14 наурызына дейін Алматы қаласы Шілік ауданы салық инспекциясында, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік салық комитетінде жұмыс істеді.
1997 жылдың мамырынан бастап Салықтық реформа департаментінің салықтық реформа басқармасында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің Салық және салық саясаты басқармасында қызмет атқарды.
1999 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың маусым айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Астана қаласында, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2013 жылғы маусымда ҚР ҚМ СК Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2014 жылдың қараша айынан бастап Кадырбеков Алибек Чапаевич Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы жоғары аудиторлық палатасы төрағасының ұсынысы бойынша Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың кезекте тыс сессиясының 2023 жылғы 09 маусымдағы № 4-1 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссияның төрағасы лауазымына тағайындалды.
Оның келесі мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары бар: "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Қаржы қызметінің үздігі","салық қызметінің үздігі"төсбелгілері,төрт мерейтойлық медаль және басқалары.
Батыржан Жәлитұлы Хамидуллин – комиссия мүшесі
Туған жылы 1963, экономикалық жоғары білімі. 1988 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтін бітірді.
Институт бітіргеннен кейін Казталов ауданы В.И. Ленин атындағы колхозында бухгалтер, облыстық баланыс өндірістік-техникалық басқармасында бақылаушы-инспектор болып жұмыс істеді. Салық органдарда аға салық инспекторынан Орал қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы және БҚО бойныша салық комитеті басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.
«БатысТранГаз» АҚ, «ЖайықЖылуҚұат» АҚ, «Уральскстройинвест» ЖШС және «Аркагаз» АҚ басшы қызметтерінде істеді.
2008-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдың сәуір айынан бастап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 04 сәуірдегі №2-5 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №11-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2023 жылдың 12 қыркүйек сессияның №6-3 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелейді.
Кисметов Есбол Геззатуллович - комиссия мүшесі
1987 жылы туылған, жоғары білімді, «қаржы бакалаврі» академиялық дәрежесіне ие.
Қаржылық бақылау саласындағы еңбек жолын 2009 жылдың ақпан айынан Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында жетекші маман лауазымынан бастады.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап ауыстыру тәртібі бойынша «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бас маман лауазымына тағайындалды. Талдау, есеп және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2016 жылы мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге ұміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиясының шешімімен «мемлекеттік аудитор» және «жоғары санатты мемлекеттік аудитор» біліктілігі сертификатына иеленді.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылдың 28 қыркүектегі сессияның №19-11 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Ерлан Гарифоллаұлы Сапиев - комиссия мүшесі
1984 жылы туылған, жоғары білімді - 2005 жылы М.Өтемісов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік университетін; 2009 жылы – «экономика» мамандығы бойынша Еуразия академиясын бітірген. 2016 жылы мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге ұміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиясының шешімімен «мемлекеттік аудитор» біліктілігі сертификатына иеленді
Өз еңбек жолын 2005 жылы Зеленов ауданындағы Чинарев ауылының мектебінің тарих пәні мұғалімі болып бастаған.
2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте - Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы; 2012 жылдан бастап ауыстыру тәртібімен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды; жоспарлау, талдау және есеп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2018 жылы мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2023 жылдың 31 мамырдағы сессияның №3-2 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Үйленген, екі баланы тәрбиелейді.
Қайрат Ғилымұлы Жапаков комиссия мүшесі
1984 жылы туылған, екі жоғары білімі бар – 2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген - автомобильдер және автомобиль шаруашылығы бойынша инженер мамандығы бар; 2012 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті - экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек жолын 2006 жылы «Жайықгидрогеология» ЖШС-ң бұрғылау қондырғысы машинисттің 2 разрядтағы көмекшісі болып бастаған.
2007 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік қызметте:
2007-2009 жылдары -Подстепное селолық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы;
2009-2010 жылдары - Новопавловка ауылдық әкімі;
2010-2012 жылдары - Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы.
2012-2013 жылдары - БҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бөлімінің бастығы;
2013 жылы наурыз-шілде айлары аралығында БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу, құқықтық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2013 жылдың тамызынан бастап -2014 жылдың қараша айына дейін Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында қызметін атқарды;
2014 жылдың қараша айынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының №2 бақылау бөлімінің бас маман бас бақылаушы-тексерушісі, кәзіргі уақытта №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2023 жылдың 09 маусымдағы сессияның №4-2 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелейді.
Мереке Кәкенұлы Көбейсінов – аппарат басшысы
1966 жылы туылған, экономикалық жоғары білімі. 1991 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтін бітірді.
Еңбек қызметің 1991 жылы 15-ЖМК-да экономист ретінде бастады. Қаржылық бақылау органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс атқарып жатыр, 2000 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың қараша айына дейін, БҚО бойынша қаржылық бақылау басқармасында аға бақылаушы-тексеруші, бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары болып істеді, одан кейін қаржылық бақылау инспекциясында - басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 03 қазандағы №35-4 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №11-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
2023 жылы мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелейді.