Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйек күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, «Батыс Су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, ШЖҚ «Аксайжылукуат» МКК, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» ММ-де жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышты басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 31 852 952,1 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 14 077 240,0  мың теңге құрады, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 15 629 084,3 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 2 146 627,8 мың теңге.

Сонымен қатар, 14 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.

Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 7 644,8 мың теңге қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің тиімділігіне аудит, дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне аудит жүргізілді.

Аудит объектілері «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, үстеме тексеру объектілері: «Элита сервис» ЖШС, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теннис бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 1 мекемеде және 2 үстеме тексеру бойынша ЖШС және МКҚК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 194 550,0 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 36 713,4 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 96 130,8 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарланған - 61 705,8 мың теңге;

4) 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйекте сағат 10.00-де БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің тиімділігіне аудит, дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне аудит. Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.