Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 31 852 952,1 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 14 077 240,0 мың теңге құрады, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 15 629 084,3 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 2 146 627,8 мың теңге.
Сонымен қатар, 14 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 7 644,8 мың теңге қалпына келтірілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.