Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, «Батыс Су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, ШЖҚ «Аксайжылукуат» МКК, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» ММ-де жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері борышты басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудит мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 112 992,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны 112 915,1 мың теңге, қалпына келтіруге 76,9 мың теңге. Аудит барысында 24 186,0 мың теңгесі өтелді,  76,9 мың теңге қалпына келтірілді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 18 бірлікті құрады.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, «Батыс Су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, ШЖҚ «Аксайжылукуат» МКК, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.