Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

2023 жылдың 13 қазан күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-да, «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК-да және «Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі» МКҚК-да қосымша білім беру саласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.

Ағымдағы жылғы 4 тамыз күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста «Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК (үстеме тексеру) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.

Ағымдағы жылдың 23 маусымында сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста «Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралатын болады. Отырыста өткізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 2021 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-не және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-да үстеме аудит жүргізілді.