2023 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста «Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-де Батыс Қазақстан облыстық бюджетінің 2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.