Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 2021 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-не және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-да үстеме аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 1 мекемеде және 1 қарсы тексеруде жалпы сомасы 3 681,4 мың теңге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары бұзу анықталды, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар 3 681,4 мың теңге, соның ішінде бюджетке кірістеріне қайтаруға жататын 529,2 мың теңге, қалпына келтіруге жататын 3 152,2 мың теңге.

Сондай-ақ 1 бірлік мөлшерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында барлығы 2 252,2 мың теңге қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "комиссия қызметі – аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.