Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді.
Сонымен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары бекітілген.
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында сағат 15.00 - де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi, мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне тиімділік аудитін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына, жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуіне, жергілікті бюджетке қате төленген түсімдерді кері қайтару және есептелу дұрыстығына сәйкестік жүргізілген мемлекеттік аудиттердің нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері көтермеленді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық наградасы - 3 дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалдарымен БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мереке Кәкенұлы Кубейсинов пен аппарат басшысы Ерлан Ғарифуллаұлы Сапиев марапатталды.
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында сағат 15.00 - де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi, онда «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК-да, «Бөрлі колледжі» МКҚК-да және «Жаңақала колледжі» МКҚК-да Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жекелеген ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін бағалауға мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.
Отырысқа жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.
1 Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті (D-4) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссиясының оң қорытындысы Н. Темиргалиевтың кандидатурасына берілді.
Әкімшілік бөлімінің бас инспектор - бас бухгалтеры және №3 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудитор «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (D-3) ішкі конкурсқа қатысушылардың болмауына байланысты, ішкі конкурс өтпеген болып танылсын.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында сағат 15.00 - де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi, онда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігін бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудиттердің нәтижелері қаралады
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.