Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері көтермеленді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық наградасы - 3 дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалдарымен БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мереке Кәкенұлы Кубейсинов пен аппарат басшысы Ерлан Ғарифуллаұлы Сапиев марапатталды.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясынының үздік қызметкері» төсбелгілерімен мемлекеттік аудиторлар Колякова Кымбатжан Сағынтайқызы және Көптілеуов Самат Жоламанұлы марапатталды, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының Құрмет грамотасымен мемлекеттік аудитордың ассистенті Мухамбетов Бахтияр Беркингалиевич марапатталды.