Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Қазақстан Республикасы Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді.

Сонымен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары бекітілген.

Осы құжаттарда мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде мемлекеттік аудиторлерге моральдық-әдептілік бейнесінің жалпы талаптары, сондай-ақ олардың мінез-құлқының әдеп нормалары мен қағидаларының негізгі стандарттары белгіленген.

Мемлекеттік аудиторлар аудит (тексерулер) жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиімділігін, дәйектілігі мен объективтілігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғау ерекше маңызды.

Сонымен бірге, әрбір мемлекеттік қызметші немесе өзге де лауазымды адам өзінің кәсіби қызметі шеңберінде және қызметтен тыс уақытта мінез-құлық стандарттарының талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

Тексеру комиссиясында жоғарыда аталған қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде қызметін жүзеге асыруда. Бұл ретте, тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкіліне 50-69-05 телефон арқылы хабарласуға болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі,

Әдеп жөніндегі уәкілі     К. Алпысбаев