Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де және «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 487 207,0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде өтелуге жататыны қаржылық бұзушылықтар 487 207,0 мың теңге құрады.
Сонымен қатар, 10 бірлік рәсімдік бұзушылықтары және 3 кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 238 945,7 мың теңге өтелді.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 21 факті бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жолданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.