Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің тиімділігіне аудит, дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне аудит жүргізілді.

Аудит объектілері «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, үстеме тексеру объектілері: «Элита сервис» ЖШС, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теннис бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 1 мекемеде және 2 үстеме тексеру бойынша ЖШС және МКҚК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 194 550,0 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 36 713,4 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 96 130,8 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарланған - 61 705,8 мың теңге;

4) 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.