15 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясында ұлттық валюта күнін және Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Тексеру комиссиясының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының әкімі, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, БҚО прокуроры, мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің Кәсіподағы, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының атынан алғыс хаттармен, тексеру комиссиясының «Үздік қызметкер» ведомстволық медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, бас инспектор-мемлекеттік аудитор Б.Н. Баяхов Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» ведомстволық төс белгісімен марапатталды.
Төраға ұжымды мерекемен құттықтап, тексеру комиссиясы қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысының қаржылық тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан маңызды үлесін атап өтіп, ұжымға зор денсаулық, одан әрі кәсіби табыс және отбасыларына амандық тіледі.