ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Теректі ауданы мекемелерінде, Теректі ауданының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргiзiлген аудиторлык iс-шараның нәтижесiнде жалпы сомасы 7 443 267,8 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: өтеуге (түсуге) жататын қаржылық бұзушылықтар – 55 951,9 мың теңге; қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар 6 761 581,9 мың теңге; тиімсіз жоспарлау және пайдалану 625 734,0 мың теңге; рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 36 бірлік және кемшіліктер 6 бірлік.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 17 873,4 мың теңге өтелді және 7 149,7 мың теңге қалпына келтірілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар фактілер бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жолданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті Қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде Нұсқамалар жолданды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына толықтыру енгізу бойынша ұсыным жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.