Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасында» ММ-де сенімгерлік басқару шарттарының тиімділігіне сараптамалық-талдау шарасы және мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 544,6 мың теңге қаржылық болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтары анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне қатысты 36 бірлік рәсімдік бұзушылықтары және 6 кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 54,1 мың теңге өтелді.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 5 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.