Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Казталов ауданына қарасты мекемелерге сараптамалық-талдау іс-шаралары және бюджет қаржысымен мемлекеттік активтердің пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 1 425 406,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 252 462,7 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 52 037,5 мың теңге, (есепке алумен) қалпына келтіруге жататыны 200 425,2 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 1 164 381,7 мың теңге, тиімсіз пайдаланған бюджет қаражатының сомасы 8 562,1 мың теңге құрады.
Сонымен қатар, 42 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.
Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 11 706,9 мың теңге өтелді, 73 090,0 мың теңге қалпына келтірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 123 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.