Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының А.Н. Островский атындағы драма театры» МКҚК-да, «Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры» МКҚК-да Батыс Қазақстан облысында мәдениет саясатын дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 243 880,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 43 811,4 мың теңге құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 159 802,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 40 267,5 мың теңге.
Сонымен қатар, 8 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 1 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.