Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

 Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қаласының қаржы бөлімі» ММ-де 2024 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің дұрыстығына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 76 833 872,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, қаржылық бұзушылықтар 48 174 236,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде өтелуге жататын 95 445,9  мың теңге, қалпына келтіруге 48 078 790,5 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4 944 950,3 мың теңге, қаржылық есептіліктің бұрмалануына жатпайтын қаржылық бұзушылықтар 23 714 658,5 мың теңге. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 12 бірлікті, кемшіліктер 1 бірлікті құрады. 

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Орал қаласының әкіміне, «Орал қаласының қаржы бөлімі» ММ, «Орал қаласы әкімінің аппараты»  ММ, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Орал қалалысының мәслихат аппараты» ММ және «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.