Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізілді.

Аудит объектілері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нан және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нан болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 кәсіпорында тексеру бойынша ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 4 335,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 25 бірлікті құрады. Анықталған бұзушылықтардың 4 335,1 мың теңгесі өтелуге жатады Аудит барысында 435,2 мың теңге өтелді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.