2025 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының А.Н. Островский атындағы драма театры» МКҚК-да, «Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры» МКҚК-да Батыс Қазақстан облысында мәдениет саясатын дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері қаралады.