Ағымдағы жылғы 4 маусым күні сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста «Орал қаласының қаржы бөлімі» ММ-де 2024 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің дұрыстығына, оның шеңберінде «Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.