Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, колледждер, олимпиадалық даярлау орталықтары және олимпиадалық резервті дайындайтын спорт ғимараттары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудит объектілері «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» МКҚК, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК, «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК болды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 мекемеде және 4 МКҚК Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 38 554,7 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 9 569,3 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 21 747,4 мың теңге;

3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарланған - 7 238,0 мың теңге;

4) 24 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.