Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

   Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Бөкейордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде бюджетке өтелуге жататын барлығы 11 804,4  мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 5 779,6 мың теңгесі өтелді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 13 бірлікті құрады.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Бөкейордасы, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының әкімдеріне, «Бөкейордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.