Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Ағымдағы жылғы 27 желтоқсан күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.

Отырыста «Бөкейордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады.

Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.