Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар қызметінің тиімділігі, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде және жер учаскесін жалға беру құқығын сатқан кезде олардың ақысын дұрыс есептеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы сәйкестігіне аудит жүргізілді.
Аудит объектілері «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ болды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 мекемеде тексеру бойынша ММ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жалпы сомасы 369 363,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 21 бірлікті құрады. Анықталған бұзушылықтардың 369 363,3 мың теңгесі өтелуге жатады Аудит барысында 5 179,1 мың теңге өтелді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.