Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Ағымдағы жылдың 1 маусымында сағат 10.00 - де Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтедi, онда «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-де, «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де және «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де, жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігінің мемлекеттік аудиті, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылы түсуін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралады.
Отырысқа жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.