Жастар - қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Олар болашақ маман емес, өз қоғамының азаматы, келешектің иесі және тірегі болып табылады. Сондықтан, жастар арасында жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау аса маңызды жұмыс.
2021 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі оқу жылының ашылуы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясынын Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Алпысбаев қаламыздың жоғары оқу орындары стундеттері мен жастар практикасы бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдарда тәжірбиеден өтіп жүрген жастарды мемлекеттік органның қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған мектеп тындаушыларына жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар туралы түсіндірме берді, оларды сақтауға және күнделікті қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болуға шақырды. Бұдан басқа мекемедегі құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралармен таныстырып өтті.