Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне сәйкес халыққа ауыз су беруді жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігіне аудит жүргізілді.

Облыста 416 АЕМ-ң, ішінен 245 АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, тұтынушылар саны 214 891 адам болатын 149 АЕМ-де 10 топтық су құбыры және 110 жергілікті оқшау су құбыры арқылы су беріліп, облыстық бюджеттен субсидияланады.

Сумен жабдықтауды табиғи монополия субъектілеріне жататын 11 ШЖҚ МКК және 1 ЖШС жүзеге асырады.

Сумен жабдықтау қызметтеріне арналған барлық тарифтерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің БҚО бойынша департаменті бекітеді, бұл ретте ең жоғары тариф "Теректі-таза су" ЖШС-де 1 текше метр үшін 558,67 теңге мөлшерінде, Бәйтерек аудан әкімдігінің "Коммунальник" ШЖҚ МКК-де бекітілгенін атап өту қажет -1 текше метр үшін 450,93 теңге, ал ең төменгі тариф Бөрлі ауданы әкімдігінің "Ақсайжылқуат" ШЖҚ МКК-де 1 текше метр үшін 116,81 теңге, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "Орда" МКК-да 1 текше метр үшін 156,32 теңге.

Аудит нәтижесімен келесі заң бұзушылықтар анықталды:

- жалпы сомасы 857 310,80 мың теңгеге 43 қаржылық бұзушылық, оның ішінде 175 095,40 мың теңге өтелуге, 682 215,40 мың теңге қалпына келтіруге жатады;

- 110 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде 29 бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілік, 1 бұзушылық бойынша бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сумен жабдықтау кәсіпорындарының қызметіндегі негізгі бұзушылықтар келесідей:

  • Жаңақала ауданы әкімдігінің "Коммунал" ШЖҚ МКК-нің, Бәйтерек ауданы әкімдігінің "Коммунальник" ШЖҚ МКК-нің, "Теректі-таза су" ЖШС-нің, Қаратөбе ауданы әкімдігінің ШЖҚ МКК-нің даму жоспарлары әзірленбегені және бекітілмегені аудитпен анықталды.

Басқа кәсіпорындарында әзірленген даму жоспарлары толық көлемде толтырылмаған, даму жоспарларының орындалуы туралы есептер бекітілмеген немесе дұрыс және толық жасалмаған.

Мемлекеттік басқарудың бірде-бір органы даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізбейтінін атап өту қажет. Қызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген қызметтің түйінді көрсеткіштеріне талдау жүргізілмейді, қызмет процесінде туындаған проблемалар зерттелмейді, кәсіпорындардың даму жоспарларын іске асыру бойынша ұсыныстар енгізілмейді.

2) 12 кәсіпорындарының 7-де бухгалтерлік есепті жүргізбеу немесе елеулі бұзушылықтармен есеп жүргізу өрескел бұзушылықтар тап болған, бұл қаржылық есептіліктің дұрыс қалыптаспауына әкеледі. Осы кәсіпорындардың қаржылық бұзушылықтарының жалпы сомасы 640 276,1 мың теңгені құрайды;

3) Үш кәсіпорындарымен жарғыларда көзделмеген кірістер, сондай-ақ Бөрлі ауданы әкімдігінің "Ақсайжылуат" ШЖҚ МКК-мен қызметтерді орындауда белгіленген бағаларды асыра бағалаудан артық кірістер алынған, олардын жалпы сомасы 34 185,6 мың теңге бюджетке алынуға жатады;

4) "Теректі-таза су" ЖШС-де жеке карт-шотына және ұйым қызметкерлерінің карт-шоттарына жалпы сомасы 44 035,5 мың теңге жалақы негізсіз аударылғаны анықталды;

5) 2019-2021 жылдары «Қазсушар» ШЖҚ РМК БҚФ Бөкей ордасы ауданының "Орда" ШЖҚ МКК-не және Жәнібек ауданының "Жолаушы" ШЖҚ МКК-не 1 м3 үшін 40 теңгеден ауыз су береді. Бұл ретте, Бөкей ордасы ауданының "Орда" ШЖҚ МКК және Жәнібек ауданының "Жолаушы" ШЖҚ МКК Халыққа сату бағасы 1 текше метр үшін 150 теңге және 190 теңге мөлшерінде бекітілгенін атап өткен жөн.

Осылайша, аталған аудандардың тұрғындарына ауыз судың құнын арзандату үшін бюджеттен субсидиялар бөлінгеніне қарамастан, халық ауыз суды "БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті" ММ бекіткен тарифтер бойынша сатып алды.

- 2019 жылы және 2021 жылғы қаңтар-шілдеде Облыстың энергетика басқармасы бюджеттік субсидияларды алушыларға тиесілі сомаларды есептеудің негізділігін, дұрыстығын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде "Қазсушар" РМК БҚФ коммерциялық мақсатта (мемлекеттік мекемелерге, өзге де тұтынушыларға) сатылған ауыз су үшін 48 602,5 мың теңге сомасында негізсіз субсидиялар бөлінгені анықталды;

- Сонымен қатар, Облыстың энергетика басқармасы субсидиялауға жататын соманы есептеудің дұрыстығын қамтамасыз етпеді, нәтижесінде Казталов ауданы әкімдігінің ШЖҚ Казталов МКК үшін бекітілген Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер дұрыс қолданылмады, бұл 6 676,3 мың теңге мөлшерінде субсидиялардың негізсіз төленуіне әкелді;

- Ауыз сумен жабдықтаудың қызметтерін субсидиялау кезінде тұтынылған ауыз су көлемінің бұрмалануына байланысты облыстық бюджет қаражатынан субсидиялар негізсіз алынды, ал дәл осы "Теректі-таза су" ЖШС 12 887,8 мың теңге, Бәйтерек ауданы әкімдігінің "Коммунальник" ШЖҚ МКК 1 321,2 мың теңге мөлшерінде анықталды;

- Сонымен қатар, аудитпен қосымша құн салығы (әрі қарай-ҚҚС) төлеушілер болып табылатын сумен жабдықтаушы кәсіпорындардың мемлекеттік субсидиялар ҚҚС-мен алынып, алайда салық салынатын айналымға енгізілмегені және тиісінше ҚҚС есептелмегені анықталды, атап айтқанда Бәйтерек ауданы әкімдігінің "Коммунальник" ШЖҚ МКК бойынша 20 554,3 мың теңге және Жаңақала ауданы әкімдігінің "Коммунал" ШЖҚ МКК бойынша 14 176,7 мың теңге мөлшерінде.