Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә.Назарбаев өзінің әйгілі «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам» жалпыұлттық бағдарламасын 2015 жылғы 20 мамырда жариялағаны баршамызға белгілі.

Аталған бағдарламаның V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ бөлімінде белгіленген 94-қадамында бекітілген тапсырмаға сәйкес елімізде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы қабылданды және Заңның 6-бабында белгіленген нормаларға байланысты әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған сәйкес және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында өзіне бекітілген өкілеттіктері негізінде Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы - сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы және олардың жұмсалуына жүргізілген аудит пен бақылау нәтижелері туралы ақпараттарды жүйелі түрде өзінің ресми сайтында жариялап отыратынын атап өтеміз.

Бұған қоса, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары болып саналатын - ашықтық    принципін және жүргізілген мемлекеттік аудиторлық шаралардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа жарияету үшін - жариялылық принциптерін қамтамасыз ету мақсатында, Тексеру комиссиясының төрағасы А.Ш.Нұғмановтың 2016 жылғы 23 ақпандағы №14-Н бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жанынан «Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі тұрақты түрде жұмыс жасайтын комиссия» құрылды. Аталған комиссия туралы Ереже, оның құрамы, алға қойған мақсаты мен міндеттері анықталып, бекітілді.

Атап айтқанда, тұрақты комиссияның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының бюджет, салық, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік сатып алу, сонымен қатар қолданыстағы өзге де салалық заңнамалары шеңберінде және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының» өз өкілеттігіне сай және оның құзыретіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру барысында анықталған ақпараттарды қоғамдық талқыға салып, жалпы халықты жүйелі түрде  хабардар етіп отыру болып табылады.

Комиссия құрамына: Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен қоса, өзара келісім негізінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – С.К.Сүлеймен, «Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» БҚО филиалының төрағасы - Т.Т.Мерғалиев, «Азаматтық альянс» БҚО қоғамдық ұйымының президенті - А.У. Салиева, құрметті зейнеткер, мемлекеттік қауіпсіздік және қаржылық бақылау қызметтерінің еңбек ардагері - Ғ.А. Жұбаев, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» БҚО филиалының директоры – А.З.Ғұбашев және өңірлік өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.

Оның мүшелері Тексеру комиссиясының кезекті отырыстарында қаралған мәселелер жөнінде ақпараттық пресс-релиздермен қамтамасыз етіледі.

Жақында, Тексеру комиссиясының тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген салтанатты жиналыста аталған тұрақты комиссияның бірқатар мүшелері «Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және мекеменің мерейтойына арналған «Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына 5 жыл» мерекелік төсбелгілерімен марапатталғанын атап көрсетеміз.