Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Тиімді мемлекеттік аудит жүйесі-еліміздің қарқынды дамуының маңызды кепілі.Осындай атаумен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Елімізде тексеру комиссияларының құрылғанына 5 жыл өтті.5 жыл мерзіміндегі жетістіктер мен болашақта қандай жұмыс күтіп тұрғаны туралы бүгінгі конференцияда айтылды.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қонысбаева Б.Т, « Нұр Отан» партиясы облыстық филлиалы төрағасының бірінші орынбасары Сүлеймен С.К, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша тексеру комиссияларының төрағалары, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаменті,облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы,облыстық қаржы басқармасының басшылары,М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы  Тасмағамбетов А.С, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, «Қазақстан мнженерлік және технологиялық университеті»ғылым-білім беру кешенінің құрылиайшысы,облыстық маслихат депутаты Айтимов А.С, тексеру комиссиясының алғашқы төрағасы Тұрсынов С.Е. және тексеру комиссиясының бұрынғы бөлім басшысы Сейталиева Г.А, Жаңақала аудандық маслихат хатшысы, Қазақстан Республикасының  жазушылар одағының мүшесі Закария С.Ж қатысты.

Тексеру комиссиясы 5 жылдық жұмыс мерзімінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді, бюджеттік бағдарламаларды орындаушылар енді тексеру комиссиясының мүшелерімен бірге жұмыс атқарады , және бұл ең алдымен бюджеттік заңнаманың орындалуындағы әртүрлі құқық бұзушылықтарды жою жұмыстары мен мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді.

Конференция қатысушылары өз баяндамаларын оқып,  құттықтау адресаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов тексеру комиссиясының қызметкерлеріне құрмет грамотасын табыс етті.

Конференция соңында  алғаш рет Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  әнұраны орындалды.Әнін жазған Жаңақала аудандық маслихат хатшысы, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі Закария Сисенғалы және тексеру комиссиясының төрағасы Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы.