Отан қорғаушылар күні Қазақстанның мемлекеттік мерекесі және тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің туылған күні болып табылады. Бұл күн Қазақстанның батырлық ерліктері туралы жылнамасын және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын білдіреді. Осы жаңа дәстүр тек қана жауынгерлердің мерекесі ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның әр-бір Отан қорғайтын, отбасын қорғайтын азаматтарының мерекесі болып табылады.
БҚО бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлеріде шет қалған жоқ. Осы мереке қарсаңында әйелдер қауымы да өз әріптес азаматтарын мерекелерімен салтанатты түрде құттықтады. Құттықтау жылы сөздер мен шағын естелік сыйлықтар жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлады.