Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Бүгін БҚО бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі-«Ұлттық валюта-теңге» күніне арналған ұжым жиналысы өтті

Өздеріңіз білетіндей, бюджет қаражатының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің әрбір азаматының күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еліміздің қаржы және банк мекемелерінің бүкіл жүйесі, мемлекеттік қаржыны басқару құрылымы маңызды рөл атқарады. Отанымыз-Қазақстан Республикасының одан әрі экономикалық дамуы мен гүлденуі- барлық қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсібилігі мен табысты жұмысына байланысты.

Осы мереке қарсаңында, Ұлт жоспары  100 нақты қадам  және бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған және мемлекеттік аудит органдар мен қаржылық бақылау қызметін дамытудың жаңа кезеңін анықтайтын  мәні бар -«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Елбасы Н.Ә. Назарбаев қол қойды - деді өз сөзінде Тексеру комиссиясының төрағасы Нұғманов А.Ш.

Мереке құрметіне орай тексеру комиссиясының мактау қағаздарымен №3 бақылау бөлімінің меңгерушісі Кисметов Е.Г, №1 бақылау бөлімінің аудиторы Умарова С.М, Төрағаның алғыс хатымен  №4 бақылау бөлімінің меңгерушісі Джалмуханов А.С марапатталды.