Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан

облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. 

Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 7 434 970,6 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 4 077 265,6

мың теңге құрады, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 3 357 705,0 мың теңге.

Сонымен қатар, 9 бірлік рәсімдік бұзушылықтары анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 4 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.