Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» ЖШС-ға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігіне аудит тексеру жүргізілді.
Өткізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 415,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар кәсіпорынның кірісіне өтелуге жатады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.