Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылға арналған Батыс Қазақстан облыстық бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне Аудит жүргізілді.
Аудит объектілері "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" ММ, "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" ММ, "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ, "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ болды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 83 001 078,3 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 130 072,5 мың теңге, оның ішінде 130 072,50 мың теңге өтелуге жатады, оның ішінде отырыс өткізілгенге дейін 18 578,9 мың теңге өтелді;
- Қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануы – 82 438 962,5 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге – 82 326 757,4 мың теңге, оның ішінде отырыс өткізілгенге дейін қалпына келтірілгені – 16 172 627,0 мың теңге.
- 12 бірлік санындағы рәсімдік бұзушылықтар, 1 бірлік жетіспеушілігі;
- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы-431 875,2 мың теңге;
- бюджет шығыны 168,1 мың теңге.
Алдын ала зерделеу барысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қаржылық есептілікті жасау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолданды.
Сондай-ақ, аудит нәтижелері бойынша "Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" ММ қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін екі лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.