Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың мемлекеттік аудиті «Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ ж»не «Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-да және Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар мәдениеті сарайы» МКҚК-да үстеме аудит жүргізілді.  .

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бір мекемеде және екі қарсы тексеруде жалпы сомасы 43 342,9 мың теңге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары бұзу анықталды, оның ішінде:

- 37 258,7 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 6 821,9 мың теңге өтелуге, 30 436,8 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

- 6 084,2 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау.

Сондай-ақ 4 бірлік және 3 кемшілік мөлшерінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында барлығы – 30 436,8 мың теңге қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "комиссия қызметі – аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.