Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-да «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының орындалу тиімділігіне мемлекеттік аудит, соның шеңберінде «Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Казталов ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Тасқала ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Бөкейордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-де үстеме тексерулер жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 517 800,9 мың теңгеге бюджеттік және қолданыстағы басқа да заңнамалардың нормалары сақталмағандығы анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 517 800,9 мың теңге.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 12 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 25 585,3 мың теңгесі  өтелуге, ал 492 215,6 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында 1 437,7 мың теңгесі өтелді, 473 917,4 мың теңгесі қалпына келтірілді.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, «Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Казталов ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Тасқала ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Бөкейордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.