Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» ММ-де, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де мемлекеттік аудит, оның шеңберінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ны, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ны үстеме тексеру жүргізілді.
Өткізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 5 450,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар қаржылық бұзушылықтар болып табылады және бюджетке өтелуге жатады. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 3 бірлікті құрады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.