Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК-да кәсіпорын қызметкерлерімен өзара есеп айырысу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен өзара есеп айырысу кезінде бюджет қаражатын пайдалану сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 50 885,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды және 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары;

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.