Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Қаратөбе ауданы мемлекетінің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалануға, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит объектілері «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, «Қаратөбе ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 9 мекемеде және мемлекеттік кәсіпорында қарсы тексеру барысында жалпы сомасы 1 614 785,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:
- 125 668,2 мың теңге сомасына 49 764,5 мың теңге өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде (бюджетке түсетін түсімдер бойынша 4 649,3 мың теңге, бюджетке өтеу бойынша 45 115,2 мың теңге), қалпына келтіруге 75 903,7 мың теңге.
- 1 485 718,4 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау.
- 3076,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.
- Бюджет шығыны 1 075,2 мың теңге.
Сондай-ақ 49 бірлік көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 2 бірлік жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында және отырысқа дейін барлығы 24 434,7 мың теңге өтелді, 22 660,5 мың теңге қалпына келтірілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.