Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК (үстеме тексеру) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 71392,8 мың теңгеге бюджеттік және қолданыстағы басқа да заңнамалардың нормалары сақталмағандығы анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 71392,8 мың теңге. Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану фактілері орын алған.

 Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 32 және кемшіліктер саны 1 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 54823,5 мың теңгесі  өтелуге, ал 16569,3 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында 10724,4 мың теңгесі өтелді, 16569,3 мың теңгесі қалпына келтірілді.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Жәнібек ауданының әкіміне, «Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы» ММ, «Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК-ға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.