Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес,  Ақжайық ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаиктехсервис» МКК-на, Бөрлі ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсайжылуқуат» МКК-на, Бәйтерек ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммунальник» МКК-на, Жаңақала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммунал» МКК-на, Жәнібек ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жолаушы» МКК-на, Казталов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-на, Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Қаратөбе аудандық МКК-на, Бөкейорда ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» МКК-на, Сырым ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сырым» МКК-на, Тасқала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК-на, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шыңғырлаукомтехсервис» МКК-на, Теректі ауданы әкімдігінің «Теректі – таза су» ЖШС-не халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ
11 МКК мен 1 ЖШС –не жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде  ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде

  • қаржылық бұзушылықтар 1 016 891,2 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 224 058,0 мың теңге, қалпына келтіруге 792 833,2 мың теңге,
  • 91- рәсімдік бұзушылықтар,
  • 8-кемшілік,
  • 4 – бұзушылық бюджет қаржысын (активін) тиімсіз пайдалану 7 657,5 мың теңге.

Аудит барысында 782 200,1 мың теңге қалпына келтірілді.

Тексеру нәтижесінде 24 материал әкімшілік іс қозғауға, 1 материал ерекше ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды және  (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.