Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК-да денсаулық сақтау саласындағы жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 171 519,4 мың теңгеге бюджеттік және қолданыстағы басқа да заңнамалардың нормалары сақталмағандығы анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 171 519,4 мың теңге. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 10 және кемшіліктер саны 4 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 27 224,2 мың теңгесі өтелуге, ал 144 295,2 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында 117,4 мың теңгесі өтелді, 144 295,2 мың теңгесі қалпына келтірілді.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, БҚО денсаулық сақтау басқармасына, «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК, «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК-да анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.