Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" ММ; "Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ; "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім бөлімі" ММ;"Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ; "Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ;"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ; Қарсы тексеру: Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жігер Спорт клубы" МКҚК; Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақжайық аудандық демалыс орталығы" МКҚК; "Ақжайық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ; "Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ"; "Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ "бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігінің мемлекеттік аудиті, түсімдердің толықтығы мен уақтылығы"аудиторлық іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша 9 мекемеде және мемлекеттік кәсіпорындарда 2 қарсы тексерісте жалпы сомасы 310 495,8 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

- 148 115,5 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 144 868,2 мың теңге өтелуге, 3 247,3 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

- 147 098,2 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау.

- 15 282,1 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Сондай-ақ, 33 бірлік көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында барлығы 3 334,5 мың теңге өтелді, 3 247,3 мың теңге қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "комиссия қызметі – аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.